Арыс қаласында 6,5 мың отбасы жөнделген үйлеріне кірді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 6,5 мыңнан астам тұрғын үй қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бір айдан бері құрылысжұмыстары қызу жүргізілуде. Қаланы қалпына келтіруге 10 мыңнан астам құрылысшыатсалысты. Бүгінгі таңда Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының 90% астамыаяқталып отыр. Атап айтсақ, оның ішінде, тіршілікті қамтамасызететін нысандар мен инфрақұрылымдары қалпына келтірілді. 6,5 мыңнан астамтұрғын үй қалпына келтіріліп, отбасылар жөнделген үйлеріне кірді. Барлықинженерлік инфрақұрылым толық жөндеуден өткізілді. Көшелер ауқымды түрдереконструкцияланды. 62 әлеуметтік нысан, соның ішінде – ауруханалар, мектептер,балабақшалар, спорт объектілері 20 тамызға дейін дайын болады», - делінгенәкімдік ақпаратында.

Сондай-ақ мәлімболғандай, зардап шеккен 7516 жер үйдің 6611-і немесе 90 пайызы жөндеуденөтті. Қалған 905 үйдің жөндеу жұмыстары 10 тамызға дейін аяқталатыныжоспарланған.

«Көпқабатты 67 үйдіқалпына келтіру жұмыстарын 20 тамызға дейін аяқтау жоспарлануда. Барлық 66әлеуметтік нысанды қалпына келтіру жұмыстары 20 тамызға дейін бітпек. Осығанорай, Штабтардың жұмысы 20 тамызға дейін жалғасады», - деді өңір әкімдігінен.

Айта кетейік, Арысқаласын қалпына келтіруге барлық өңірлер, сондай-ақ республикалық маңызға ие қалаларда өз үлесін қосып жатыр.

Соңғы жаңалықтар