Арыс қаласында болған жарылыстың құпиялары сәуір айының соңында мәлім болады ? Бас прокуратура

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Бас прокуратураға Арыс қаласындағы «Қазарсенал» ғылыми-өндірістік бірлестігі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болған жарылысқа байланысты құрылған комиссияның қорытындысы келіп түсті.

Біз бұл материалдарды топтастырып, жүйелеп алқа мәжілісінде қарайтын боламыз. Кінәлі азаматтар міндетті түрде жауапқа тартылады», - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Сапарбек Нұрпейісов. Бұл туралы ол бүгін журналистермен болған брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, прокуратура өкілдері комиссия жұмысының қорытындысына байланысты материалдарды сараптап, қажетті құжаттарды дайындап та қойған. «Оның қорытындысы ағымдағы жылдың сәуір айының аяғында жария етіледі. Біз сол уақытта оқиғаның не себептен орын алғандығын хабарлаймыз», - деді ресми өкіл.