Кештің мақсаты Қазақстанның тарихы туралы зердемізді қайта парақтап, жаңаша ой түйіндеу. Жас ұрпақтың ойлау қабілеттерін арттыру, өз ойын ортаға салуға, отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тəрбиелеу болып табылады.
Аталған кеште оқушылар Тәуелсіздік тақырыптарында тақпақтар айтып, патриоттық әндерден шашу-шашып, мың бұрала би биледі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай қаладағы И.Журба атындағы жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылар арасында «Тəуелсіздік-елімнің мақтанышы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараның мақсаты өскелең ұрпақтың ел тарихын тереңінен түсінуіне ықпал жасау, ұлттық сана-сезімін ояту, білімдерін шыңдаумен қатар Отанымызға деген сүйіспеншілікті арттыру болып табылады. Оқушылар еліміз туралы танымдық білім деңгейлерін көрсетіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, өз білімділіктерін көрсетті.