Арыс қаласындағы вокзал сарапшылардың бақылауымен қалпына келтіріліп жатыр

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы вокзал сарапшылардың бақылауымен қалпына келтірілуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеше құрамында реставраторлар,тарихшылар, мәдениет министрлігінің лауазым иелері бар комиссия жұмысына қатыстым.Онда 1904 жылы салынған Арыс қаласындағы вокзал нысаны тексерілді. Оныңинтерьері қалпына келтіру жұмыстары кезінде қатты өзгеріске ұшырады дегенболжамды тексердік», - деп жазды ол.

50 жылдық тәжірибесі барреставратор Қанат Тұяқбаевтың айтуынша, вокзалдағы жазбалар 2004 жылы пайдаболған.

«Оның ешқандай тарихи құндылығыжоқ. Ғимараттың сыртында да еш өзгеріс жоқ. Жөндеу жұмыстарын жүргізгенмердігерлер, керісінше, патша дәуіріндегі тарихи бірегей құрылысты ашты. Барлықшаралар қалпына келтіру жұмыстарын атқаратын лицензиясы бар арнайы ұйымныңбақылауымен жүріп жатыр. Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешев жергіліктімаңызы бар сәулет ескерткіштерінің қалпына келтіру жұмыстарының сапасы менжоғары қарқынын атап өтті. Осылайша бірқатар БАҚ-та тараған ақпарат негізсіз»,- деп түйіндеді ол.

Айта кетейік, бүгін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлікқоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай Арыс вокзалындағыжөндеу жұмыстарының 24 тамызда аяқталатынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар