Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Сарыарқаныңінжу-маржаны саналатын демалыс аумағына саяхатты олар үшін Қарағандымемлекеттік техникалық университеті ұйымдастырды. ЖОО сапар бойынша барлықшығындарды өз мойнына алып, «Политехник» демалыс базасын ұсынып, жас туристерүшін танымдық-ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырды.
«Әзірге Арыс қаласында оқ-дәріқоймасындағы жарылыстан кейін үйлер қалпына келтірілуде, біз балалардыңдемалуына және «Политехник» демалыс базасында сауығуларына мүмкіндік жасауқажет деген шешімге келдік. Ол Қарқаралы ұлттық табиғи паркінің көркем жеріндеорналасқан. Балалар лагерьге 25 шілдеде келіп, 15 күнді осында өткізеді.Олардың бос уақытын тәлімгерлер, аниматорлар мен экскурсия өткізушілерұйымдастырады», - деді ҚарМТУ аппаратының жетекшісі Гүлназ Мусина.
Бағдарлама кең ауқымды. Кураторлық қызметті «Жас Орда» жастарұйымының белсенділері мен университеттің жастар саясаты департаментініңөкілдері өз мойнына алған. Шеберлік-сыныптар мен тренингтер білім мен қабілеттіңдеңгейін арттыруға мүмкіндік береді. Балалар туристік серуендерге барады,байқаулар мен ойындарда, зияткерлік және спорттық жарыстарда бір-біріменбәсекелеседі. Экскурсия кезінде олар табиғи саябақтың қызықты жерлерін, тарихыбай Қарқаралы көне қаласының көрікті жерлерін тамашалайды.