«21 қыркүйек күні арнайы жасақталған полигон (Арыс қаласынан 60 шақырым жерде) аумағындағы жоспарлы жарылыс жасау жұмыстары барысында оқ-дәрі фрагменті өздігінен жарылды. Соның салдарынан арнайы дайындықтан өткен 10 сапер - келісімшарт әскери қызметшісі жарқыншақ тиіп жарақат алды», - делінген министрлік ақпаратында.
Ведомство мәліметінше, барлық әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігінің далалық госпиталіне жатқызылған. Қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Болған оқиғаның себебі мен мән-жайын анықтау шаралары жүргізілуде.