Арыс маңындағы қай ауылдардың халқы 100 мың теңгеден алады

АРЫС. ҚазАқпарат – Билік өкілдері Арыс маңындағы қай елді мекендердің тұрғындары 100 мың теңге өтемақы ала алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты 100 мыңтеңге өтемақы беру бойынша түрлі сауалдар туындауда. Көрші елді мекентұрғындарынан сұрақтар келіп түсуде. Алайда, өтемақы ҚР Үкіметі бекіткен тізімбойынша беріледі.

Атап айтқанда, Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдалаауыл округінде – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам,Дермене ауыл округінде – 2 052 адам өтемақы алады. Жалпы, бірінші кезекте 55602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 млрд теңге көлемінде өтемақы төлеужоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебінен 3 млрд теңге,облыстық бюджеттен 1 млрд теңге және арнайы құрылған «Түркістан» әлеуметтікқорына түскен қаржыдан 1,6 млрд теңге бөлінеді деп күтілуде.

Жергілікті тұрғындардан құжат жинауға Арыс қаласындағы 17секторда бекітілген тиісті мамандар және аудан, қала әкімдіктерініңқызметкерлері жұмылдырылған. Олар 2019 жылдың 3 шілдесінен бастап өтемақы алуғаөтініштер жинап жатыр.