Сонымен қатар, ол1-сыныпқа балаларды қабылдау министрліктің ерекше бақылауында екенін атап өтті:«Биыл Арыста 2318 бала мектеп табалдырығын аттайды, бүлдіршіндер үшін мектепорны жеткілікті, мұғалімдермен қамтамасыз етіледі».
Оқу жылының басына дейін министрлік әкімдікпен бірлесіп,балаларға оқулықтардың толық жеткізілуін қадағалайтын болады.
Министр білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығымәселесіне тоқталып, әкімдіктің ақпараты бойынша, барлық білім беру нысандарындағықұрылыс-монтаждау жұмыстары 1 қыркүйекке дейін толығымен аяқталып пайдалануғаберілетіндігін атап өтті.
«Жаңа оқу жылыныңбасталғаннан кейін де Арыс қаласы балаларының жағдайы министрліктің үнеміназарында болады»,- деді Асхат Аймағамбетов.