Арыс оқиғасы ұлттық болмысымыздың жарқын үлгісін көрсетті - Бейсенбай Тәжібаев

Фото: None
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың 24 маусымында Арыс қаласында жойқын жарылыс болып, ел әбігерге салынды. Міне, осы төтенше жағдайдан кейін 1 ай уақыт өтті. Арыстың қазіргі жай-күйі қалай? Мемлекет тұрғындар алдындағы өз міндетін орындап жатыр ма? Осы және өзге де мәселелер жөнінде Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Бейсенбай Тәжібаевпен сұхбаттасқан едік.

Жарылыс болғанкүннен бастап облыстық штаб құрамында Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарынабелсене атсалысып жүрген азамат қиын-қыстау кезеңде елдің жұдырықтай жұмылғанынайтады.

– 24 маусымда таңғысағат 9.20-да Арыс қаласындағы №44859 әскери бөлімінде оқ-дәрі қоймасы жарылды.Жарылыстың дүмпуі әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылылезде Қазақстанды шарлап кетті. Арыс қаласындағы 45 мыңнан астам тұрғын үйлерінтастап қашуға мәжбүр болды. Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жедел штабқұрып, төтенше жағдай жариялады. Тұрғындарды қаладан тегіс эвакуациялау жөніндешешім қабылдады. Бұл шешім дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Әрине,тұрғындардың басым бөлігі өз күшімен тастап шыққаны да жасырын емес. Дегенменарнайы шешім қабылданған соң Арысқа ірі көліктер мен әскерилер жіберіліп,халыққа барынша көмек көрсетілді. Талай отбасыны апат орнынан алып шықты.Жарылыс болған сәтте ұлтымызға тән бауырмалдық, мейірбандық, адамгершілік сындыасыл қасиеттер жарқырап көрінді. Мыңдаған азамат Арыстан жөңкіле көшкен елдікөліктерімен тегін тасымалдады. Арнайы қабылдау орталықтарына орналастырды.Әсіресе, тұрғындардың ұрпақ аман болсын деген ниетпен танымайтын адамдардыңбалаларын көлікке мінгізіп, қауіпсіз аймаққа апаруы, кейін ол балалардыата-аналарына тапсыруы жанды тебірентті. Бұл елдігіміз бен бірлігіміздіаңғартты. Қашанда өзгеге көмектескісі келіп тұратын халқымыз бұл жолы да мейірбандықтыңасқан өнегесін көрсетті.


– Қоғамда осытөтенше жағдай туралы түрлі пікір бар. Сіздің ойыңызша апаттан кейінгі алғашқыкүндері жергілікті атқарушы билік азаматтар алдындағы өз жауапкершілігін толықсезініп, өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындай алды ма?

– Бұл төтенше жағдай елімізге өте ауыр тиді.Тұтас бір қаланы эвакуациялау тәуелсіздік жылнамамызда болмаған сынақ. Алғашқысәттен бастап билік тарапынан тұрғындарды қауіпсіз орындарға көшіру, олардыуақытша орындарға паналату мәселелері шешімін тапты. Ел Президенті Қасым-ЖомартТоқаев әлі қауіп бұлты толық сейілмегеніне қарамастан оқиға орнына келіп,жағдаймен танысты. Зардап шеккен тұрғындармен кездесті, Үкімет пен тиістібасшыларға нақты тапсырмалар берді. Жоспар құрылды. Төтенше жағдайдың салдарынжою үшін ҚР ІІМ күштік құрылымынан, азаматтық қорғаныс органдарынан, полицияданжәне өзге де құрылымдардан 1 200-ден астам адам жұмыс істеді. Жүздеген техникажұмылдырылды. Өрт сөндірушілер асқан жанкештілікпен өртті сөндірді.

Әскерилер мен біліктісаперлар қысқа уақытта Арыс қаласы мен қала маңындағы 20 шақырымдық радиустағыаумақтарды түгел тазалап, зерттеп шықты. Оқ-дәрі қалдықтарынан тазалады.Қоймадағы өртті сөндіру үшін мыңдаған тонна су жеткізіліп, барлықзалалсыздандыру жұмыстары қолға алынды. Мемлекет пен тұрғындардың мүлкін қорғауүшін қауіпті аймақта әскерилер мен полиция жасақтарынан құралған топтар тәулікбойы күзетте тұрды. Қала қоршалып, тұрғындардың қауіпсіздігі қатаң сақталды.Төтенше жағдайлар қызметі мен әскерилер күндіз-түні қызмет етіп, қаланызалалсыздандыру, тазалау жұмыстарымен айналысты. Президентіміздің тапсырмасыменАрыс қаласындағы әскери қойманы көшіру жұмыстары басталып кетті.

Түркістан облысыныңбарлық аудандары мен Шымкент қаласының эвакуациялық пункттерінде Арыс қаласының30 мыңнан астам азаматы тіркеліп, оларға жағдай жасалды. Жомарт жүректіжұртшылық тарапынан жиналған гуманитарлық көмек пен азық-түлік уақтылыжеткізіліп, қажетіне сай үлестірілді.

Арыс қаласы менәскери қоймада оқ-дәрілерді тазалау және қаланы дезинфекциялау шараларын Жамбылжәне Қызылорда облысының мамандары жүргізіп, толығымен аяқтады. Қаланыңэпидемиологиялық қауіпсіздігін сақтау үшін шұғыл жұмыстар атқарылды. Денсаулықсақтау министрлігінің санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің 155 маманы мен 22 техникасыАрыс қаласындағы нысандарда тексеру, дезинфекциялау жұмыстарын жүргізді.Ветеринарлық қызмет өкілдері өлген жануарлардың өлексесін жою жәнезалалсыздандыру жұмыстарын істеді.

Экология, геологияжәне табиғи ресурстар министрлігінің өкілдері арнайы зерттеу жүргізді. МамандарАрыстағы атмосфералық ауаның таза, судың және топырақтың ластанбағандығын жәнерадиацияның жоқ екенін мәлімдеді. Арысқа жақын Ордабасы және Отырараудандарында госпитальдар құрылып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетілді.Қаланың электр және су жүйесі қалпына келтірілді.

Арыс оқ-дәрілердентазарған соң облыстың түкпір-түкпірі мен Шымкент қаласындағы эвакуациялықорындардағы арыстықтарға арнайы көлік бөлініп, олар үйлеріне оралды. Қысқасы,мемлекеттік органдар өз мүмкіндігінше төтенше жағдайдың зардаптарын жою бойыншажүйелі, әрі нақты жұмыстарды атқарып жатыр. Жарылыс зардабы ауқымдыболғандықтан мәселелер көп, дегенмен мемлекет тарапынан жүйелі жұмыстар қолғаалынып, жағдай тұрақтанғанын айтқан жөн.



– Арыс қаласынқалпына келтіру жұмыстары 17 сектор арқылы жүргізіліп жатыр. Осы секторлардыңжұмысына кеңірек тоқтала кетсеңіз...

– Жарылыс болған күннен бастап өңір басшысыӨмірзақ Естайұлы арыстықтармен бірге екенін іспен дәлелдеп, осында 1 ай тұратынынайтты. Сол уәдесін орындап, әр аптадағы аппарат жиындары мен мәжілістерді Арысқаласында тұрақты түрде өткізіп келеді. Облыс басшысы әрбір тұрғынныңталап-тілегі ескеріліп, ақпараттар ашық әрі шынайы болсын деген талап қойды.Соған сәйкес, ҚР Қорғаныс министрілігі мен төтенше жағдайлар комитетінің жәнеөзге де министрліктердің, Түркістан облысы мен Арыс қаласы әкімдігінің өкілдерікүн сайын тұрақты түрде брифинг өткізіп, соңғы мәліметтерді баяндап отырды. ҚРПремьер-министрі Асқар Мамин Арысқа апта сайын келіп, құрылыс барысын өзіқадағалап отыр.

Облыс әкімініңбастамасымен Арыс қаласында 17 сектор құрылды. Секторларға жауапты болып, 14облыс пен 3 қаланың әкімдіктері бекітілді. Сонымен бірге Түркістан облысындағыаудан және қала әкімдіктері де облыстармен бірге жұмыс істеп жатыр. Әр облысөзіне тиесілі секторда құрылыс жұмыстарына жауапты болса, аудандар тұрғындардытіркеу, өтемақыға құжаттарын жинау, тұрғындармен кездесіп, мәселелерін тыңдау,гуманитарлық көмекпен қамту, тазалық жұмыстарымен айналысты. Секторларда штабқұрылып, бекітілген мамандар елдің талап-тілегіне сай жұмыс істеді. Әр штабтажедел медициналық бригадалар тұрақты түрде тұрғындарға қызмет көрсетіп жатыр.

Облыстар менқалаларға белгілі аумақтар бөлініп берді. Әр өңір өзіне жүктелген аумақтағыүйлерді салып жатыр. Қазірдің өзінде 2 мыңнан астам үй жөнделіп, иелерінетапсырылды. Құрылыс жұмыстарының басы-қасында Индустрия және инфрақұрылымдықдаму министрінің бірінші орынбасары Қайырбек Өскенбаев өзі жүріп, қаланықалпына келтіруге үлес қосуда. Аудан, қала әкімдіктері 100 мың теңге өтемақығақұжат жинау, азаматтарды тіркеу жұмыстарын толық аяқтады деуге болады. Соныменбірге күн сайын қаладан жүздеген тонна қоқысты шығаруда.

Жұмыс бар жердемәселелер де болады. Кейбір тұрғындар құрылыс барысымен, ақау актілеріменкеліспеуі мүмкін. Олардың да талап-тілегі ескеріліп, үйлер қосымша арнайысараптамадан өтуде. Бастапқыда 20-дан астам үйді қайтадан саламыз депжоспарланса, қазір толық бұзылып, салынатын үйлер саны 300-ге жетті. Бұл –тұрғындармен тиісті жұмыс жүріп жатқанының, сапалы диалог орнағанының белгісі.Осы ретте штаб мүшесі, облыс әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібековтыңтөрағалығымен әр секторда ауқымды жұмыс атқарылғанын айта кеткен жөн. Атапайтқанда 17 сектор бойынша да жергілікті белсенді тұрғындар тартылды. Әр 10үйге бір белсенді тұрғын бекітіліп, олар өз көршілерінің мұң-мұқтажын,арыз-шағымын секторларға жеткізіп отырды. Яғни, жергілікті халық арасынантаңдалған 800-ге жуық белсенді де бізбен бірлесе жұмыс істеуде. Құрамы үкіметтікемес ұйым жетекшілері, ардагерлер, әйелдер кеңесі мүшелері, жастар,белсенділерден тұратын штаб мүшелері қаладағы өзекті мәселелерді шешугеатсалысуда. Олар тұрғындардың талап-тілектерін тыңдап, туындаған мәселелердібірлесе отырып шешуді жүзеге асыруда. Апат кезінде қиын жағдайда қалғанотбасылармен, үйі тұруға жарамсыз деп танылған тұрғындардың мәселелерінжеделдетіп шешу, ауруханада жатқан зардап шегушілердің жағдайларымен танысу,зақым келген үйлердің бағалануы мен ақау актілерінің түзілуін қадағалаужұмыстары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар жарылыстан үйі қатты зардап шеккен 28отбасыға әлеуметтік көмектер көрсету жұмыстары қолға алынды. Азық-түлік пенгуманитарлық көмек жеткілікті деңгейде таратылды. Белсенді азаматтардың игііске жұмылуы азаматтық қоғамның дамып келе жатқанының бір көрінісі деуге негізбар. Бұл ұлт болып ұйысып, жұрт болып жұмылғанымыздың айқын көрінісі. Үкіметтікемес ұйымдар мен еріктілерді елдік мәселелерге бағыттап, солармен бірлесіпжұмыс істеу қоғам үшін пайдалы. Үйлердің құрылысы, бағалау жұмыстары,гуманитарлық көмек тарату тұрғындардың қатысуымен әділ әрі сапалыұйымдастырылды.

«Түркістан» аттыарнайы қор құрылып, оған ел тұрғындары мен кәсіпкерлер үлес қосты. Белгілікәсіпкерлер мен компаниялар Арыстағы құрылысқа белсене араласып, жомарттығынаңғартты. Ел Үкіметі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы, облыс, қала әкімдіктері де арыстықтармен біргеекенін іспен көрсетуде. Бүгінде қорға 1,9 млрд теңгеден астам қаржы жиналды.



– Жалпы төтенше жағдайдан кейінгі Арыс тұрғындарыныңәлеуметтік жағдайын жақсарту үшін мемлекет тарапынан қандай көмектеркөрсетіледі?

– Біріншіден,жарылыстан зардап шеккен үйлер жөнделіп жатыр. Арыста 8 466 үй бар болса, оның7 150-не зақым келген. Бұдан бөлек көпқабатты үйлердің 100-ге жуығы зақымдалып,осы нысандарда жөндеу жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмыстарына еліміздіңтүкпір-түкпірінен 215 компания және 7 мыңнан астам адам тартылған. Бүгінде 2 048үй жөнделді. Қаладағы 66 әлеуметтік нысан бойынша да жөндеу жұмыстарыатқарылуда. Оның ішінде 4-еуі жаңадан салынады. Бұл жұмыстарға 1 788 жұмысшы,29 компания жұмылдырылған.

Екіншіден, Арысжұртшылығына еліміздің облыстары мен қалаларынан 800 тоннадай гуманитарлықкөмек жеткізілгені белгілі. Бүгінде қоймадағы азық-түлік пен өзге заттардың 700тоннасы тұрғындарға таратылды. Ал қалған 100 тонна азық-түлік секторлар бойыншаанықталған 1 545 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға беріліпжатыр. Сондай-ақ Арыс қаласындағы 31 мүмкіндігі шектеулі адамға қол арбаберілді. Бүгінде демеушілер есебінен «Мектепке жол» акциясы арқылы Арыстағыоқушыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтар әперіліп жатыр. Мәселен, жуырдағана «Ембімұнайгаз» компаниясының жұмысшылары 402 оқушыға киім-кешек пен мектепқұралдарын сатып әперді. Қайырымдылық жұмыстары әлі де жалғасын табады.

Үшіншіден, Арысқаласының әрбір тұрғынына 100 мың теңгеден беріледі. ҚР Үкіметі бекіткен тізімбойынша Арыс қаласы бойынша – 44 994 адам, Ақдала ауыл округінде – 4 324 адам,Қожатоғай ауыл округі бойынша – 4 232 адам, Дермене ауыл округінде – 2 052адам, жалпы 55 602 тұрғынға 100 мың теңгеден 5,6 миллиард теңге көлеміндеөтемақы төлеу жоспарланып отыр. Өтемақы төлеуге ҚР Үкіметінің резерві есебіненжәне облыстық бюджеттен әлеуметтік қорға түскен қаржыдан бөлінеді депжоспарланған. Қаржылай қолдау жуырда беріле бастайды. Бұл да тұрғындар үшінүлкен көмек.

Төртіншіден, қалада4 мыңға жуық зейнеткер тұрады. Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау мақсатында олардемалыс орындарына жіберілуде. Шымкенттегі облыстық ардагерлер үйінде қазір200-ден астам арыстық ардагер демалуда. Сайрам ауданындағы «Мерей» ардагерлерүйінде 190 ардагер ем қабылдап жатыр. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін жалғасады.Сонымен қатар Арыстағы балалар еліміздің әр аймағындағы ең мықты демалысорындарына аттануда. Бүгінде 3 мыңдай бала лагерьлерде демалуда. Жалпы күзгедейін Арыс қаласында тұратын 4 010 бала демалыспен қамтылады.

Бесіншіден, әр аптасоңында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі тұрақты түрде өтіп жүр. Мұндаөнімдер нарықтағы бағадан 30 пайызға арзан сатылды. Жалпы арыстықтарғажан-жақты әлеуметтік қолдау бар. Оны ел біліп отыр.

– Арыстағы оқиғанықұбылтып, жалған ақпарат таратқандар да болды. Тұрғындар тарапынан да әлі дешағым айтып жатқандар бар. Бұл бағытта қандай әрекет бар?

– Жоғарыда айтқанымдай, 17 секторда арнайыөкілдеріміз тұрғындармен тікелей жұмыс істеп жатыр. Бірде-бір шағым мен өтінішескерусіз қалмайды. Өңір басшысы осындай талап қойып отыр. БАҚ беттері менәлеуметтік желілердегі сыни материалдар мен шағымдар дереу тіркеліп, штабтарғахабарлануда. Ары қарай секторларда сол арыз бойынша нақты жұмыс атқарылып,жауабы жедел берілуде.

Облыстық ішкісаясат басқармасы мен облыс әкімінің баспасөз қызметінің мамандары апат болғаналғашқы күннен бастап штаб құрамына кіріп, жедел ресми ақпарат таратып отырды.Өкінішке қарай, әр өңірден келген мыңдаған құрылысшының және өзге де отаншылазаматтардың еңбегіне көлеңке түсіріп, жалған ақпарат таратқандар да болды.Қойма, оқ-дәрі туралы жұртты шошытатын дәлелсіз ақпарат таратқандар, шушығарып, тыныштықты бұзғысы келгендер де кездесті. Құзырлы органдар олазаматтармен тиісті жұмысты қолға алды. Жалпы дәлелсіз, жалған қауесеттаратудың жауапкершілігі бар екенін, заң алдында жазалануы мүмкін екенін әркімбілуі тиіс.

Бір қаладағынысандарды жөндеу, бірқатарын басынан салу өте қиын шаруа. Бір үй салудың өзімашақаты мол жұмыс екенін білеміз. Ал 7 мыңнан астам нысанды жөндеу барысындашыдам мен сабыр қажет-ақ. Кейбір көшелерде ерте, кейбір көшелерде кешжөнделеді. Бұған тұрғындар да БАҚ өкілдері де түсіністікпен қарағаны абзал.«Жұмыс жүрмей жатыр» деп шу шығару құрылысқа кері әсер етеді. Тиісінше секторларғабарып, өтініш пен шағымды айтқан дұрыс. Бір нәрсе анық. Мемлекет тарапынанбарлық тұрғынға қолдау көрсетіліп, зақымдалған үйлері жөнделеді. Осындайқысылтаяң шақта әр азамат Арысқа қолымен, ісімен, тым құрыса сөзімен көмектесуікерек деп ойлаймын.

Тарихымыңжылдықтарға тамыр тартатын Арыс өзенінің бойы ежелден-ақ адамзаттың құттықонысы болған. Жиырмасыншы ғасырдың басында Арыс стансасы салынып, қала дамитүсті. Арыс – тоғыз жолдың торабында орналасқан стратегиялық маңызы бар қала.Сондықтан бұл қаланың болашағы жарқын болады деп сенемін. Мемлекет басшысытікелей бақылауда ұстап, барлық өңір әкімдіктері, тұтас Қазақ елі жұмылакөмектесіп жатқан бұл мекен қысқа уақытта қалпына келіп, тұрғындарды қуантатыныанық. Ол үшін бізге отаншылдық, бірлік және тынымсыз еңбек қажет. Еліміздің әрқиырынан келіп, Арыстың құрылысына үлес қосып жатқан азаматтарды, алғашқыкүннен бастап көмегін аямаған барша қазақстандықтардың тілегі мен еңбегіақталатындығына сенімдіміз.

- Сұхбатыңызғарахмет!

СұхбаттасқанГүлзина Тұрғанбайқызы

Соңғы жаңалықтар