Арыс тұрғындары үйлерін қалпына келтірген қарағандылықтарға алғыс айтты

Фото: None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандылықтар Түркістан облысы Арыс қаласындағы ТЖ салдарын жою бойынша жұмыстарын аяқтады. Қарағанды облысына бекітілген №5 сектордағы барлық үйлер қалпына келтірілді, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты.

Қажетті құрылыс жұмыстары, оның ішінде ұсақ жөндеужұмыстары толық орындалды.
Арыс тұрғындары қарағандылықтарға көмек көрсеткеніүшін алғыстарын білдіруде. Құрылысшылардың сапалы және жедел жұмысы қалатұрғындарына өз үйлеріне оралуға септігін тигізді.
Құрылыс барысын, қалпына келтіру жұмыстарының сапасы мен мерзімін Қарағандыоблысының әкімі өзі бақылап отырды. Ерлан Қошанов Арыс қаласына сапарыбарысында Қарағанды облысына бекітілген нысандарды аралап, жергіліктітұрғындармен кездескен болатын.
Тұрғын үйді қалпына келтіру кезінде үй және пәтер иелерінің барлық талаптарыескерілді.


- Мен Әзімбеков көшесі, 170 үйде тұрамын. Осыдан бір ай бұрын біз қайда барыпбас сауғалайтынымызды білмеген болсақ,бүгінде үйлеріміз толығымен қалпына келтірілді. Біз жасалған жұмыстарға өтеризамыз. Менің отбасым үлкен - 10 балам бар, барлығы өзімізбен бірге тұрады.Әрине, жарылыстан кейін үйіміздің жағдайы жан түршігерлік болған. Шаңырағымызғаоралуға үрейлендік. Бірақ қарағандылықтар бір ай ішінде біздің үйімізді қалпынакелтіріп берді. Осы уақыт ішінде бізбен бірге аулада тұрды, барлығымызғакөмектесіп, бізге тамақ әкелді, - деді көп балалы ана Сәрсенгүл Жұмашева. -Қарағанды облысының әкімі Ерлан Жақанұлына және барлық балаларға, бригадирлергеүлкен алғысымды білдіремін. Үлкен рахмет, осындай жағдай енді қайталанбасын дептілейміз.


Арыс қаласының тұрғыны Ақылбек Айтманбетов мамандар барлығына көмек көрсетіп,кез келгенөтінішке жауап бергенін атап өтті.
- Тәуелсіздік көшесіндегі біздің үй Қарағанды секторына жатады. Алғашқы күнненбастап комиссия да, бастықтар да, жұмысшылар да бізге көмектесуде. Біздің үйсоншалықты қатты қираған жоқ: терезелер мен есіктер сынып, шатырымыз құлады.Екі апта ішінде бәрі қалпына келді. Қарағандылықтарға біздің қайғыдан тысқалмағаны үшін үлкен рахмет. Келіп, барлығын тез әрі сапалы жасады, - дейдіГүлмира Елтаева.
Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбектің айтуынша, Қарағанды фирмаларыныңжұмысына ешқандай наразылық жоқ.
- Қарағанды облысы бізге көмекке келген өңірлердің арасында алғашқылардың бірі болды. Ментұрғындармен кездесулер өткіземін, олардың барлығы жұмысқа риза, бесінші секторбойынша ешқандай шағым жоқ. Барлық негізгі жұмыстар уақытында аяқталды. 1тамызға дейін, адамдар баспанасына еш қиындықсыз оралулары үшін үйді ретке келтірутапсырылды. Бүгінгі күні бұл тапсырма орындалды. Шағын ғана жұмыстар қалды,жөндеу жалғасады және қала қыркүйек айына дейін толығымен қалпына келтіріледі,- деді ол. - 66 әлеуметтік нысан 15 тамызға дейін тапсырылады. Оларды қалпынакелтірумен «Самұрық-Қазына» холдингі айналысады.
Арыс қаласында Қарағанды облысының 400-ге жуық құрылыс маманы жұмыс істеді.Зардап шеккендерге көмек көрсету үшін штаб ұйымдастырылды, оның мүшелері зардапшеккендерге көмек көрсетті, оның ішінде шығынды бағалау және өтемақы алу үшінқұжаттар жинауға жәрдемдесті. Пункттер тұрғын үйлердің аулаларында ашылып,демалыссыз жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар