Арыс тұрғындарына 100 мың теңге өтемақы берілетін банк карталары таратылды
«100 мың теңге тіркеудетұрғандарға түгел таратылады. Анықталған 55 мыңнан астам адам 12 тамызданбастап қаражатқа қол жеткізеді. Бүгінгі таңда екі ауылдық елді мекен мен Арыс қаласындағы17 секторда банк карталары таратылуда. Қызылорда, Жамбыл және Шымкент қаласынан«Халық банкінің» 120 қызметкері Арысқа арнайы келіпжұмыс жүргізуде», делінген хабарламада.
Түркістан облысы әкімініңорынбасары Жолдымұрат Аманбаев, ақшаны алудың тәртібін түсіндірді.
«Осы уақытта 33 мың банккарточкасы жасалды. Еліміз егемендігін алғаннан бері дәл бұлай, бір айдыңішінде осыншама құжат жиналып, 33 мың карточканы дайындау деген болған емес.Қазіргі таңда сол дайын болғандары таратылып жатыр. Бірақ әзірге ақша салынғанжоқ. Яғни, 100 мың теңгені 12 тамыздан бастап ала алады. Ал қазіргі негізгіжұмыс картаны тарату. Демек, барлығы түгел қол жеткізгенде ақшаны түсіреміз. Еңкөп 9 секторда 3 771 құжат жиналған. Қаланы көше-көшеге бөлдік», – деді облысәкімінің орынбасары Ж.Аманбаев.
Елді сабырға шақырғанжауапты басшылар, тұрғындардың толғандырған сұрақтарына жауап беретін, арнайыкомиссия жұмыс жасап жатқанын жеткізді. Ал тізімге кірмей қалған оқушылар,мектептер арқылы анықталып жатқаны жария етілді.
Айта кетейік, өтемақықаржыны аталмыш банктің кез келген банкоматынан алуға болады. Қаржының түскеннемесе түспегенін анықтау үшін, карточканы банкоматта 3-реттен артық қолдануғаболмайды. Себебі 3 реттен артық қолданған жағдайда банк комиссия төлеміұсталады. Сонымен қатар сот шешімімен қарыздары болған азаматтарға төлем карталарыашылмайды. Мұндай жағдайда азамат сенімді өкіліне нотариалды сенім білдіреотырып, өтемақыны сенім білдірген өкілі арқылы алуына болады. Ал үйлеріндеболмаған азаматтар карталарын 2019 жылдың 15 тамызынан бастап, Арыс қалалық«Халық банк» филиалдарынан алады. Банк картасына түскен қаржыдан банктіңкомиссиялық төлемдері ұсталмайды.
Жалпы, бүгінде таңда Арысқаласында аталмыш банктің 12 банкоматы қойылған. Сонымен қатар қосымша тағы 7-8банкомат орнатылмақ.