Арыс тұрғыны түн ішінде өз үйін балтамен қиратып тастаған

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласында иелерінің өз үйлерін өздері қирату жағдайы тіркеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облысы әкімінің кеңесшісіСәкен Қалқаманов Facebook-тегіпарақшасында Арыс қаласының тұрғындарының бірі түнгі уақытта Төле би көшесі 183мекенжайдағы үйін балтамен, сүйменмен қиратып тастағандығын жазды.

«Бірінші видеоны құрылысшылартүсірген. Ол кезде үй иесі баспанасын жөндеу туралы ұсыныспен келіспеген. Олжарылыс салдарынан келген шығынды асыра сілтеп, үйді сүріп тастауды талапеткен. Әрине, құрылысшылар көршісінің саман кірпіштен салынған, кейін қирапқалған үйін сүріп тастап, орнына жаңа үй салып жатқан кезде кез келген адамда қызғаныштууы мүмкін. Бірақ, өз мүлкіңді құрту – тіптен миға сыймайтын жағдай. Келесікүні үйдің келбеті басқаша болып тұрды», - деп сөзі дәлелді болу үшін СәкенҚалқаманов өз парақшасында видео салып отыр.

Өкінішке қарай, мұндай жағдай қаланыңбасқа бір жағында да тіркелгені хабарланды.

«Мадалиев көшесі 125 а мекенжайындатұратын Раманқұлов деген біреу түнде жап-жақсы тұрған өз үйінің быт-шытыншығарған. Ал негізінен ол үйде бар-жоғы бірнеше терезе сынған. Сылағын күрекпенқырып, шатырын қиратпақ болған. Сөзіміз дәлелді болу үшін фотоларды ұсынамыз.Неліктен олай еттің деген сұраққа үй иесі «комиссия қашан келеді?» деп жауапберген», - деп жазады Қалқаманов.

Еске сала кетсек, бұған дейінарыстықтарға берілетін 100 мың теңгенің қашан аударылатыны хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар