«Бұған дейін де Қазақстанның мемлекет болып қалыптасуына бар күш-жігері мен білім-парасатын аямай, ел экономикасы мен мәдениетінің, өнepi мен ғылымының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан, республика Үкіметін қиын кезеңде 15 жылға жуық басқарған Нұртас Дәндібайұлы Оңдасыновтың еңбектерін кітап етіп шығару туралы мәселе көтерген еді. Ол бойынша Үкіметтен аталмыш еңбектердің қолжазбасы әзірленсе, 2010 жылы бюджеттік бағдарлама аясында шығарылатын кітаптар тізіміне қосылатыны туралы жауап алғанмын. Алайда, бүгінгі таңда Мәдениет және ақпарат министрлігінің кейбір функциялары Байланыс және ақпарат министрлігіне берілуіне байланысты аталған уәде орындалмай қалды», -деді сенатор.
Оның айтуынша, бүгінгі таңда, Н. Оңдасыновтың 5 томдық кітаптары әзірленген. Атап айтқанда, «Арабша-қазақша түсіндірме сөздік» - 2 том, «Парсыша-қазақша түсіндірме сөздік» - 1 том, «Шығыс халықтарының мақал-мәтелдері» - 1 том, «Араб текті қазақ есімдері» және өзі туралы жазып қалдырған естелігі, әр жылдарда жазған мақала-әңгімелері басып шығаруды қажет етеді. «Еліміздің көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Нұртас Оңдасыновтың есімін ел жадында қалдыру мақсатында, оның жарық көрмеген еңбектері 2011 жылы кітап болып шығарылса игі. Сонымен қатар, Н. Оңдасынов есімін Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Арыс-Түркістан» арнасына беру мәселесі оң шешімін тапса екен», деді сенатор.
16:31, 04 Қараша 2010
«Арыс-Түркістан» арнасына мемлекет қайраткері Н. Оңдасыновтың аты берілсе екен - Қ. Айтаханов
АСТАНА. 4 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында сенатор Қуаныш Айтаханов Үкімет басшысының атына депутаттық сауал жолдады. Онда сенатор мемлекет қайраткері Нұртас Оңдасыновтың естелік кітаптарын шығару және оның есімін «Арыс-Түркістан» арнасына беру туралы мәселе көтерді.