Арыс-Түркістан арнасына Нұртас Оңдасыновтың есімі берілді

ШЫМКЕНТ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Татьяна Пылаева/ - Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс-Түркістан арнасына Нұртас Оңдасыновтың есімі берілді.

Мұндай ұсыныс  Премьер-министрдің кеңсесінен түскен болатын.   Ұсынысты     қарап шыққан  Түркістан қалалық  ономастикалық  комиссиясы  осындай  шешім  қабылдады.

Күзде      осынау  танымал  қоғам    қайраткерінің  105 жылдығы     атап  өтіледі.   Түркістанда  туып-өскен   Н.Оңдасынов   кезінде        осы арнаны салуға Иосиф Сталиннің рұқсатына  қол жеткізген  болатын.

Енді  міне,  ономастикалық   комиссияның  шешімімен,  облыстағы  осынау    су арнасы  «Нұртас  Оңдасынов атындағы  Арыс-Түркістан  арнасы» деп аталады.