Арыс: Үш бірдей сектордағы құрылыс жұмыстары толық аяқталды

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арысқаласында үш бірдей сектордағы құрылыс жұмыстары толық аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Арыс қалалық әкімдігінде өткен аппараттық жиында ҚР Индустрияжәне инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев мәлім етті.

Секторлар бойынша Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Шығыс Қазақстан,Қостанай, Ақмола облыстары жөндеу жұмыстарын аяқтаса, Қарағанды, Қызылорда, СолтүстікҚазақстан облыстары жөндеу әрі қалпына келтіру жұмыстарын толық аяқтап отыр.

Қаладағы зақымданған 7 613 үйдің 7 166-сында жөндеу жұмыстары жүрсе, 447 үйқайта салынып жатыр. Қазіргі таңда 7000үйдің жөндеу жұмыстары толық аяқталып, 23 үй қайта салынып бітті. Қалғанүйлердің құрылыс-жөндеу жұмыстарын 1 қыркүйекке дейін толық аяқтау жоспарланыпотыр.

Жиында облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев құрылыс жұмыстары кенжелеп тұрған секторларға жауаптыоблыс өкілдеріне жұмысты тездетуді тапсырып, қыркүйек айына дейін толықаяқтауды жүктеді.

Сондай-ақ, басқосуда баяндамажасаған «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ басқармасының төрағасыАрман Жетпісбаев Арыс қаласындағы 68 әлеуметтік нысанның 56-сында құрылысжұмыстары аяқталып, 12 нысан алдағы апта түгел пайдалануға берілетінінжеткізді. Сонымен қатар, жиында облыстық Қаржы басқармасының басшысы АбдрахманТасыбаев арыстықтарға берілетін 100 мың теңге әлеуметтік жәрдемақыны беружұмыстары бойынша 5 млрд 67 млн теңгенің халыққа үлестірілгенін баяндады.

Бұдан өзге, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдарыбасқармасының басшысы Ролан Ибрагимов Арыс қаласында Көктем мөлтекауданы менАқымбеков, Қонаев сынды орталық көшелердің жөндеу жұмыстары қыркүйек айындатолық аяқталатынын айтты.

Соңғы жаңалықтар