Арыс: Жамбылдық құрылысшылар 160-тан астам үйді қалпына келтірді

Фото: None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбылдық құрылысшылар Арыс қаласын қалпына келтіру бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп, 160-тан астам жеке үйді пайдалануға беріп үлгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сондай-ақ,қазіргікезде Жамбыл облысына тиесілі 3-сектордағы 148 үй бойынша жөндеу жұмыстарыүздіксіз жүргізілуде. Онда 4 мердігер мекеменің 500-ден астам құрылысшысы еңбекетуде. Барлығы 20-дан астам техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік,бұған дейін хабарлағанымыздай Арыс қаласындағы жарылыс зардаптарын жою жәнеқалпына келтіруге бағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғын үй, 14 әлеуметтік және коммерциялық нысанбары анықталған.

Зерделеуден өткенжеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, смета жасалды. Қираған 3үйдің екеуі жаңадан қайта салынып, біреуі толық жаңғыртылатын болды. Қалғанүйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізу жоспарланған.

Қажетті құрылысматериалдары күн сайын жеткізілуде. Тиісті шығындар республикалық бюджет пенарнайы қорға жинақталған қаржыдан қарастырылуда.

Соңғы жаңалықтар