Қала тұрғындарының толассыз сұраныстарына сәйкес, Арыс қаласы тұрғындарына көмек көрсету мақсатында «Шымкент қаласының даму қоры» қоғамдық бірлестігінің жеке шоты ашылды.
«Арыс қаласының тұрғындарына қайырымдылық жасап, көмек көрсетемін деген азаматтар болса осы есеп шотқа қаржы аударуларыңызға мүмкіндіктік бар.Қаражаттың барлығы жинақталып, зардап шеккен азаматтарға үлестірілетін болады,- делінген қордың хабарламасында.