Арысқа Жамбыл облысынан арнайы делегация барып, құрылыс жұмыстарын көріп қайтты

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Бүгін Арыс қаласына Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы Бағлан Қарашолақов бастаған мәслихат депутаттары, Қоғамдық және Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен мүшелері арнайы келіп, қаланы қалпына келтіру шараларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Олар төтенше жағдайдың зардаптарынжою бойынша облыс штабының жұмыстарынкөзбен көріп, өңірге тиесілі 3-сектордағы құрылыс барысын жан-жақты барлады. Сондай-ақ, сапар барысында халық қалаулыларыжергілікті тұрғындармен кездесіп, хал-жағдай сұрасып, мал сойып, құдайы таратты.

Айта кетейік, бүгінде Арыс қаласын қалпына келтірушаралары қарқынды атқарылуда десек, ондағы жамбылдық құрылысшылардың жұмысыжемісті деуге толық негіз бар. Нәтижесінде, бүгінде облысқа тиесілі бөліністегі 190 жеке тұрғын үйді толығымен жөндеп,пайдалануға беріп үлгерді. Ал, 120 үй бойынша қалпына келтіру жұмыстарыүздіксіз жүргізілуде. Онда 4 мердігер мекеменің 500-ден астам құрылысшысы еңбекетуде. Барлығы 20-дан астам техника жұмылдырылған.


Еске сала кетейік, Арыс қаласын қалпына келтіругебағытталған Жамбыл облысының штабына қарасты 3-секторға 11 көше бекітілген. Онда 312 жеке тұрғынүймен бірге 14 әлеуметтік және коммерциялық нысан бары анықталған. Зерделеуденөткен жеке тұрғын үйдің барлығының ақау актілері толтырылып, сметалау жұмыстарыжасалған. Қираған 3 үйдің екеуі басынан бой көтеріп, біреуі толық жаңғыртылатынболады. Қалған үйлерге күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар