Арыста 1100-ге жуық үйдің жөндеу жұмыстары аяқталды

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Қазіргі таңда Арыс қаласында нақты 1091 үйдің жұмысы толық аяқталған. Сондай-ақ, 4362 үйдің құрылыс және жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 8409 жеке, 104көпқабатты тұрғын үй бар. Жарылыс кезінде мүлдем жарамсыз күйге түскені – 186 жеке, 8 көпқабатты үй. Ал зақымдағаны – 7178 жеке, 95-сі көпқабатты үй. Жалпы 17 сектор бойынша республиканың барлықоблыстарынан – 5685, аудандардан 300-денастам жұмысшы еңбек етуде.

Бұданөзге Арыс қаласындағы 14 мектеп, 2аурухана, 28 балабақша, бірнеше мемлекеттік мекемелердің ғимараттарына зақымкелген. Арыс қаласында 66 әлеуметтікнысанды қалпына келтіру «Самұрық – Қазына» әл-ауқат қорына тапсырылған. Оның54-і білім нысандары, 8-і денсаулықсақтау, 4-уі спорт нысандары. Әлеуметтік инфрақұрылым бойынша 66 нысандақұрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Соныменқатар, қаладағы 300-ге жуық кәсіпкерлік нысандар «Атамекен» кәсіпкерлер палатасыныңұйымдастыруымен жөндеуден өткізілетін болады. Алдағы уақытта жергіліктітұрғындарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсету мақсатында жаңа ауруханажәне екі емхана бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар