Арыста 14 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайтып оралмаған

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыста 14 жастағы қыз үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмаған. Қызды өздігінен таба алмаған ата-аналары полицияға арызданған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Түркістан облыстық ПД баспасөзқызметінің мәліметінше, арыз түскен сәттен бастап тәртіп сақшылары іздестірушараларын бастаған. Бірнеше мобильдік топтар құрылып, ауыл аймақтарданіздестірген. Куәгерлердің айтуы бойынша, жоғалған қыз жақын маңдағы ауданғақарай кетіп бара жатқан таксиге мінген. Осыдан кейін полицейлер жақын жердегіТемірлан ауылын түгел қарап шыққан. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде кәмелетжасына толмаған қыз анасының танысының үйінен табылады. Оның табылғанытуралы бірден ата-анасына хабар беріліп,қыз аман-есен үйіне жеткізілген.

Бүгінгі таңда тәртіп сақшыларыжасөспірімнің жоғалып кеткені бойынша толық мән-жайды білу үшін тексеруамалдарын жүргізуде. Өз кезегінде перзентінің аман-есен табылғанына қуанған ата-анасы полиция қызметкерлеріне және ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар