Арыста 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 1870 үйдің жөндеу жұмысы аяқталды. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен облыс әкімдігінің аппарат отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Түркістан облысының әкімі ӨмірзақШөкеев төтенше жағдайдың зардаптарын жою, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеу,тұрғындарға жан-жақты жағдай жасау мәселелерін қозғап, құрылысты кешіктіріпжатқан сектор басшыларына жұмысты күшейту керектігін айтты.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму біріншівице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, жалпы Арыс қаласында жеке үйлердің7 мыңнан астамы, көпқабатты үйлердің 100-ге жуығы зақымдалып, осы нысандардажұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінде 17 сектор бойынша 7445 үйге ақау актісі жасалып, 4827 үйдеқұрылыс жұмыстары қолға алынған. Зерттеулер нәтижесінде жарамсыз үйлер саны293-ке жетті. Оның ішінде 4-еуі – көпқабатты үйлер. Бұл үйлер толық басынансалынады. Бірқатарының іргетасы қаланып та үлгерген. Құрылыс жұмыстарынаеліміздің түкпір-түкпірінен 215 компания және 7 мыңнан астам адам тартылған.

Қаладағы 66 әлеуметтік нысан бойынша да жөндеу жұмыстары атқарылыпжатыр. Оның ішінде 4-еуі басынан салынады. Бұл жұмыстарға 1788 жұмысшы, 29компания жұмылдырылған.

Жиында тиісті сала басшылары апта сайын жәрмеңке ұйымдастырылыпжатқанын, 200-ден астам арыстық ардагер демалысқа жіберілгенін мәлімдеді.Сонымен бірге 2 мыңнан астам бала да еліміздің демалыс лагерлерінде тынығыпжүр. Қоймаларға жиналған 789,2 тонна азық-түліктің 689,5 тоннасы тұрғындарғатаратылған. Бүгінде 1545 аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмеккөрсетілуде. Денсаулығы нашар 31 тұрғынға қоларба берілген.

Облыстық штаб мүшесі, ішкі саясат басқармасының басшысы Б.Тәжібаевсекторларда тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жұмыс атқарылып жатқанын, әрбіршағым дер кезінде тіркелетінін мәлімдеді. Тұрғындар арасынан әр 10 үйгебекітілген белсенділер де жұмысқа тартылып, секторларда тұрғындармен кездесутұрақты жүріп жатқанын жеткізді.

Ал облыстық қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысыА.Тасыбаев 100 мың теңге өтемақыға 61 мыңға жуық құжат тапсырылғанын, 49393тұрғынның мекенжайы ҚР Ішкі істер министрлігінің базасымен расталғанынмәлімдеді. Құжаттар бойынша жұмыс жалғасып жатыр.

Жиында Арыс қаласына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, құрылысынашар жүріп жатқан сектор басшыларына сын-ескертпелер айтылды. Қаланың су,электр және жылу жүйелерінің жұмысын ширату, жол салу мәселелері де сөз болды.Өңір басшысы Ө.Шөкеев облыстық штаб әрбір секторға жауапты облыс пен ауданәкімдіктерімен бірлесіп, тұрғындардың арыз-шағымы бойынша жүйелі әрі мұқиятжұмыс атқаруы тиіс екенін айтты. Әрбір мәселеге уақтылы әрі дер кезіндетоқталып, құрылыс қарқынын бәсеңдетпеуді тапсырды.