Құрылыс және ТКШ істері комитетінің мәліметі бойынша, 33 үй қайта салынады. Арысты қалпына келтіру бойынша ауқымды іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен Республикалық маңызы бар қалалар қатысады. Құрылыс алаңдарында барлығы 3000-нан астам құрылысшы еңбек етеді. 150 бірлік арнайы техника жұмылдырылуда.
ҚР ИИДМ вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, үйлердің мониторингі мен құрылыс барысын бақылау күн сайын жүргізіледі.
Естеріңізге сала кетейік, Арыс ауданындағы үйлердің 85%-ы жөндеуді қажет етеді. Елбасының және Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық бүлінген және бұзылған объектілер 2019 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылуы тиіс.