АРЫС. ҚазАқпарат - 29 шілдеде құрылысшылар Арыс қаласында қалыпқа келтірілген 2707 баспананы тапсырып, 5051 отбасы өз үйлеріне оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Таяуда тағы 2344 үйде негізгі қалпқа келтіру жұмыстары аяқталды.Бүгінде 7785 құрылысшы қаланы қалпына келтіруді жалғастыруда. Бір ай ішіндеолардың қатары тағы да күн сайын екі жүзге тарта жұмыскермен толықпақ»,делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметітаратқан хабарламада.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратына сәйкес,кең көлемді құрылыс жұмыстарына еліміздің барлық облыстары, сондай-ақреспубликалық маңызы бар қалалар қатысады. Арыс қаласын қалпына келтіружұмыстарының барысы Индустрия жәнеинфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаевтың тікелейқадағалауында екені айтылған
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.