Арыста 60 шақырым жол толығымен қайта жөнделеді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында 272,3 шақырымды құрайтын көшеге анализ жасалып, нәтижесінде 67 көшенің жолына зақым келгені анықталды. бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«17 сектордың 13-індетөтенше жағдайлар салдарынан қала ішіндегі 67 көшенің жамылғысына зақым келгеніанықталды. Көшелердегі ақауларды жою және оларды заман талабына сәйкес келтіруүшін жалпы ұзындығы 60 шақырымға жуық 67 көшеде келесідей жұмыстар атқарылатынболады: 46,7 шақырым тротуар төселеді; 68,6 шақырым жолға 2 234 дана жарықшамдары орнатылады; 7 шақырым велосипед жолы салынады; 41 текше метр суағар;жалпы аумағы 9 522 шаршы метр көшенің жиектері жөнделеді», - делінген әкімдікмәліметінде.

Жөндеу жұмыстарын жүргізужоспарланған 67 көшенің 40 көшесінде бүгінгі таңда жұмыстар жүргізілуде.Оған 60-қа жуық арнайы техника мен 110-нан астам жұмысшы тартылған.

«Арыс қаласының көшелерінқалпына келтіру бойынша ағымдағы жылдың 3 тамызы күнгі жағдай бойынша келесідейжұмыстар атқарылуда: 4 көшеде асфальт салу жұмыстары аяқталды; 19 көшеде жолдыңнегізіне құмды-шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде; 15 көшеде аяқжол салужұмыстары жүруде; 2 көшеде жарықтандыру бағаналарын орнататын ұңғымаларқазылып, бетон құю жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы жөндеу жұмыстарын ағымдағыжылдың тамыз айында толық аяқтау жоспарланған», - деді Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар