Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен Арысқаласында өткен аппараттық жиында мәлім болды.
Мәжілісте баяндамажасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі ҚайырбекӨскенбаев, меншік иелерінің келіспеу себептері бойынша 75 жеке тұрғын үйдеқұрылыс жүргізу үшін келісімдер жасалып жатқанын жеткізді.
«Арыс қаласында барлығы66 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 53 білім беру мекемесі, 8-денсаулықсақтау, 4-спорт, 1-даңқ аллеясы. Барлық объектілер зақымданған, соның ішінде«Самұрық-Қазына» АҚ қаражаты есебінен 62 нысан күрделі жөндеуге және 4 объекттолық қалпына келтіруге жатады. 4 бала бақшада жұмыстар аяқталды. Қалған 62нысанда жұмыс жүргізіліп жатыр», – дедівице-министр Қ.Өскенбаев.
Айта кетейік Арысқаласындағы шағын және орта бизнестің зақымданған барлық нысандары «Атамекен»ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы ірі бизнес қаражаты есебінен қалпынакелтіріледі. Бүгінгі күні 64 кәсіпкерлік субъектісіне 251,5 млн. теңге өтемақытөленген.