Арыста 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етуде – министрлік

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 3 тамыздағы жағдай бойынша Арыста 7 мыңнан астам құрылысшы еңбек етіп жатыр.

Олардың басым бөлігі әскери полгонда болған жарылыстан толықтайбұзылған 413 үйді қайта салып жатыр, деп хабарлады ҚР Индустрия менинфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бригаданың 17 секторында жеке тұрғын үй құрылысы мен көппәтерлі тұрғын үйлерде 2 мың нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізді. Осылайша, 6,5мың үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Бұл зардап шеккен Арыстұрғын үй қорының 90% құрайды.

Еске салайық, жуырда ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркістан облысынажасаған жұмыс сапары барысында Арыс қаласындағы құрылыс және залал келген үйлермен әлеуметтік, инженерлік нысандары жөндеу жұмыстарымен танысып шықты.

Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша, қалған жеке үйлердің жөндеужұмыстары 10 тамызға дейін аяқталуы тиіс. Көпқабатты тұрғын үйлерді қалпынакелтіру жұмыстары – 20 тамызда бітуі керек. Сондай-ақ, 20 тамызға дейін барлықәлеуметтік нысандар тапсырылуы шарт.

Соңғы жаңалықтар