Арыста 7034 үй мен 56 әлеуметтік нысан қалпына келтірді

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - 19 тамыз күні Арыс қаласындағы 7034 үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды.

Оның 751-де косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде,- деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөзқызметі.

Сондай–ақ 56 әлеуметтік нысан, олар: 50 білімберу, 4 денсаулық сақтау және 2 спорт нысандары пайдалануға берілді.

Қалада 7,5 мың адам жұмыс істейді, оның 5 мыңытұрғын үй қорын қалпына келтіруде. Қазіргі таңда 33 апатты жағдайдағы самандытұрғын үйдің орнына құрылысшылар кірпіш үй салды. Жалпы, сарапшылардыңқорытындысы бойынша 455 жеке тұрғын үй құрылысының нысаны бұзылуға жатады.Барлық күштер қазір оларды қалпына келтіруге жіберілді.

Сонымен қатар, меншік иелерінің келіспеуісебебінен 34 үйде жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Даулы мәселелерді 17секторда бекітілген әкімдіктердің өкілдері пысықтайды.

Соңғы жаңалықтар