Бұл шараға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, ауылдық округ әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ардагерлер қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.
«Дермене Агро Групп» ЖШС 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнімін алуды жоспарлауда. Бір тұқы балығының ұзындығы 40 сантиметрге жетеді, ал салмағы 800 гр - 3 кг аралығында болады.
Аталған балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі енді осы жердің аумағына жасыл желектер егіп, абаттандыруды жоспарлап отыр.