Қылмысты іс бойынша жинақталған материалдар бойынша сот басты айыпталушы Арман Сарыбаевты 11 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қатаң режимде өтейтін болып шешілді. Ал оның сыбайласы Нұрмахан Сүлейменовке жаза жеңілдетіле берілді. Ол сегіз жылын темір тордың ар жағында өткізетін болды.
Оқылған үкім заңды күшіне 15 күннен кейін енеді. Оған дейін үкіммен келіспеген тараптар шағымдануға құқылы.
Еске салайық, бұл келеңсіз жайт, Арыс қаласында тіркелген болатын. Оқыс оқиға екі жігіттің бір-біріне деген алауыздығынан, өзара жанжалдасудан туындаған. Сөйтіп Арыс-1 және Арыс-2 деп бөлінген бір ауылдың жігіттері көшелердің ортасында жаппай атысып, пышақтасқан.