НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы жөндеу-эксплуатация депосынан шыққан өрт сөндірілді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Төтенше жағдай комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұған дейін, Арыс қаласындағы темір жол депосының ТЧЭ 32 цехында өрт болып жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.
«Қызыл жалын жалпы аумағы 2040 шаршы метрді қамтыған. Оны сөндіруге Түркістан облысы төтенше жағдай комитетінің жеке құрамынан 41 қызметкер мен 10 техника тартылды. Стансаның 8 қызметкері де жалынды ауыздықтауға атсалысты. Өрт сағат 16.45-те сөндірілді», - делінген баспасөз мәліметінде.
Есімжан Нақтыбай
16.01.1987ж. Монғолияның Баян-Өлке аймағында туған. 1992 жылы Қазақстанға қоныс аударып, ШҚО, Катонқарағай ауданында орта мектепті тәмамдаған. Тілшілік жолы ШҚО Глубокое ауданындағы "Ақ бұлақ" газетінде басталған.