Арыста ешқандай эпидемиологиялық қауіп жоқ - мамандар

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласы тұрғындарының тынысы тарылып, белгісіз індеттен көз жұмып жатыр деген ақпарат жалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әкімдік қалада болған апаттан кейін шығып жатқан мұндай дәлелсіз ақпарларғаермеуге шақырады.

Бүгін Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері МаратПашимов Арыс қаласы әкімдігінде өткен брифингте әлеуметтік желілер мен дәлелсізжалған ақпарат тарқатқан кейбір БАҚ-тағы мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәліметті.

Түркістан облысының дәрігерлері Арыс қаласы тұрғындарының денсаулығынтексеру үшін аула аралау жұмыстарын жүргізуде. Халық арасында кенеттен келгенкеселге кезіккені анықталмаған. Арыс қаласында орналасқан 17 сектор бойынша 24маусымнан бастап дәрігерлер тәулік бойы қызмет көрсетіп келеді. Түркістаноблысы қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Мұқан Егізбаевтың басқаруыменарнайы медициналық штаб үздіксіз жұмыс атқаруда.

28 маусымы мен 18 шілде күндері аралығында Арыс қаласында 18 мыңнан астамжеке және көпқаббатты тұрғын үйлердің, 441 мекеменің аулалары тексерілген.

«Тексерулер нәтижесінде тұрғындар мен сауда орындарынан 11 мың келіге жуықазық-түлік тәркіленді. Қаладағы барлық қоқыс орындары, әжетханаларзалалсыздандырылды. Жалпы 50-дей үй жануарының өлексесі шығарылды. Аумақтардытексеру, дәрілеу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Жамбыл, Ақтөбе, Ақмола,Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының мамандарыжұмыс істеуде. Жалпы қаланың эпидемиологиялық жағдайы толық бақылауда», - дедіТүркістан облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы менқауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов.

Арыс қалалық ауруханасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқаныбелгілі. Осыған орай, науқастарға Арыс қалалық емханасы мен Облыстық клиникалықауруханасында және Ордабасы аудандық орталық ауруханасында медициналық көмектолық, жан-жақты көрсетіліп жатыр.