Арыста көлік қағып кеткен қарияға елордалық дәрігерлер көмек көрсетті

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласында көлік қағып кеткен қарияға Нұр-Сұлтан қаласының дәрігерлері көмек көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Арысты қалпына келтіру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласынан барған штабтың мүшесі Жомарт Айтқазының айтуынша, оқыс оқиға 18 тамыздаАрыс қаласының Ақынбеков көшесінде (Нұр-Сұлтан қаласының штабыорналасқан ғимарат алдында) болған.

Mitsubishi маркалы жеңіл автокөліквелосипед мінген қарияны қағып кеткен.

«Оқиға орнына Нұр-Сұлтан қаласы жедел жәрдем қызметініңАрыстағы кезекші бригадасы 3 минут ішінде келіп жетті. Елордалық дәрігерлерқарияға алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қалалық орталық ауруханағажеткізді. Қатты соққының салдарынан, 1946 жылғы азамат жабық түрдегі бас жәнебірнеше дене жарақатын алған, орта дәрежеде миы шайқалған», - деді Жомарт Айтқазы.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі уақытта зардап шегушініңденсаулығы бақылауда.

Айта кету керек, Түркістан облысы Арыс қаласында орын алғанжарылыс салдарын жою, қаланы қалпына келтіру жұмыстарына Нұр-Сұлтан қаласыныңәкімдігінің штабы құрамында елордалық жедел жәрдем қызметінің бригадасыжұмылдырылған. Нұрсұлтандық дәрігерлер 28 маусымнан бастап штаб мүшелері менарыстықтарға медициналық көмек көрсетіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар