Арыста рұқсатсыз ұшырылған дрон анықталды

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат – Әскери полиция Арыс қаласыныңн аспанында ұшып жүрген дронды құрықтады. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиғы күндізгі сағат 10.25-те болған.

«2019 жылғы 21 шілдеде сағат 10:25-те Арыс қаласында дрондыбасқару сигналын құрықтау арқылы қалааспанына заңсыз көтерілген аппаратпен түсірілім жасау әрекетінің жолыкесілді. Пилотсыз ұшу аппараты кейіниесіне қайтарылды. Бұл оқиғаны әскери полиция қызметкерлері тіркеген. Іскеқатысты материалдар оқиғаның анық-қанығын зерделеу үшін ҚР азаматтық авиациякомитетіне берілді», - делінген ведомствоның ресми сайтында жарияланғанхабарламада.

Ресми хабарламада дронды рұқсатсыз ұшыру әуе кеңістігін пайдалану тәртібін бұзуәрекеті ретінде әкімшілік жауапкершілік жүктейтіні, сол үшін 10-20 айлықесептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл қарастырылғаны айтылған.

«Осыған байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі әскери бөлім аумақтарының үстінен дрон ұшыруғатыйым салынғанын және рұқсатсыз түсірілімдерді жүргізуге жол бермеу қажеттігінескертеді. Елдегі әскери нысандар дрондарды ұстау және жою құралдарыменжабдықталған», - деді Қорғаныс министрлігі.

Соңғы жаңалықтар