Арыста түнде де құрылыс жұмыстары жүріп жатыр

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласын қалпына келтіру бағытындағы жұмыстар жалғасып жатыр. Жалпы, қалада 8401 үй тіркелсе, оның 7097-сі зақымдалған. Сонымен бірге 104 көпқабатты үйдің 94-іне жөндеу жұмыстары тағайындалған, деп хабарлйады ҚазАқпарат Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметі таратқан ақпаратарға қарағанда, үйлерді жылдам әрі сапалы жөндеу, қалпына келтіру үшін құрылысшылар түнде де жұмысты жалғастырып келеді.Мәселен, кейбір секторларда жер үйлердің шатырын жабу әрекеті түнде детоластаған жоқ. Жалпы Арыстағы құрылысқа еліміздің 14 облысы мен 3қаласынан келген 5 мыңдай құрылысшы, 180-нен астам мердігер тартылған. Жергілікті тұрғындар да ақылы құрылыс жұмысына қабылданып жатыр.

17 секторға облыс, қала әкімдіктерімен біргеаудан әкімдіктері де бекітілген. Олар сол сектор тұрғындарын тіркеу, құжаттарын қабылдау, гуманитарлық көмек көрсету, аумақтықоқыстан тазалау және өзге де жұмыстармен айналысуда. 1-секторға Атырауоблысы мен Жетісай ауданы жауапты. Мұнда 482 үй бар. Жетісайлықазаматтар түнде де штаб жұмысын тоқтатпай, тұрғындарға көмек көрсетуде. Барлықсекторда елге деген жанашырлық, жұмысты ерте аяқтауға деген құлшынысбар.

Жергілікті тұрғындар осы жұмысты үйлестіре білгеноблыс басшылығына, өзге өңірлерден көмекке келген азаматтарға ризашылығынбілдіруде. 11 шілдедегі мәлімет бойынша Арыста 700-ден астам үй жөнделді.

Соңғы жаңалықтар