«Өкінішке орай, бұған дейін келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М.Әлімбековтің қаза болғанын хабарланған болатын. Екінші жоғалған әскери қызметші табылды. Қазір ол емдеу мекемесінде жатыр», - деп атап өтеді министрліктен.
Ведомство мәліметінше, оқ-дәрі жаралыстарының салдарын жоюға жеке құрамның шамамен 1 800 адамы мен 50-ден астам техникасы жұмылдырылған. ҚР Қарулы күштерінің жеке құрамының күшімен жарылыс салдарын жою және төмендету шаралары жүзеге асырылып жатыр.