Қаладағы жұмыссыз отбасыларға егіншілікпен айналысуға жағдай жасау мақсатында Арыс қаласында жалпы көлемі 50 гектар жер қоршалып, 2 ұңғыма қазылып, арнайы су жинайтын 60 тонналық құрылғы қойылды.
Тұрмысы төмен әр отбасыға жарты гектар (0,5) жер телімі беріледі. Нәтижесінде бұл отбасылар өзін-өзі жұмыспен қамтиды.
Жоба өз тиімділігін көрсеткен жағдайда, жер телімі 100 гектарға дейін ұлғайтылады.
Кездесуден соң облыс әкімі қабылдауға жазылған тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, барлық мәселенің заң аясында шешілетінін жеткізді. Өңір басшысының халықпен кездесуі басқа аудан, қалаларда жалғасын табады.