Арыстағы 6,8 мың үйде қалпына келтіру жұмыстары аяқталды

Фото: None
АРЫС. ҚазАқпарат - 8 тамыздағы жағдай бойынша Арыс қаласындағы 6,8 мың тұрғын үйде негізгі қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. 2,1 мың тұрғын үйде шағын жөндеу жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 мыңнан астам маман қаланың қираған тұрғын үй қорын құруда. Секторлардағыбарлық құрылыс жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде және тұрақты бақылаудатұр.

«Біз қала тұрғындарын жұмыс жүргізу мәселесі бойынша алаңдамаудысұраймыз. Бірде-бір лауазымды адам жұмысты аяқтамай, қаладан кетпейді. Әрбір үйқатаң бақылауға алынып, Арыс қаласында бірде-бір отбасы назардан тысқалмайтынын атап өткім келеді», - деді бірінші вице-министр Қайырбек Өскенбаев.

Сонымен қатар, 77 үйде үй иелерінің келіспеуі немесе меншік иелерініңорнында болмауы себебінен жұмыстар әлі басталған жоқ. Халықпен арадағы барлықдаулы мәселелерді 17 сектордағы өңірлер мен республикалық маңызы бар қалалардыңәкімдіктерінің өкілдері пысықтауда.