Бүгінгі таңда ұлттық қордан бөлінген ақша тиімдіжұмсалып, мектеп, балабақша, ауруханажәне теміржол вокзалы жаңалану үстінде. Ахметжан Есімов Арыста алдымен«Көктем-2» шағынауданында орналасқанИван Журба атындағы жалпы орта мектебіне барып, жөндеу жұмыстарын аралап көрді.Басқарма төрағасының орынбасары Арман Жетпісбай білім ұясында жасалып жатқанжұмыстармен таныстырып өтіп, 300 орынғашақталған мектепті жөндеуді мердігер мекеме «Мадина Petroleum» ЖШС-ге сеніптапсырылғанын жеткізді. Ал «Алтын Тұмар» балабақшасының құрылыс жұмыстарынаяқтау мерзімі 15 тамызға белгіленген. «Samruk-KazynaConstruction» АҚ тапсырысберуші саналатын нысан 280 балаға шақталып соғылған. Ахметжан Есімов жауаптыбасшыларды сөзге тартып, мәселенің бар жоқтығын сұрап шықты. Жалпы берілгентапсырма тиянақты атқарылып жатқанына көз жеткізді. Ол сондай-ақ орталықаудандық аурухананың құрылыс жұмыстарын да көріп шығып, сапасы мен бітумерзіміне көңіл аудару керектігін пысықтады. Елордадан келген жұмысшы топ,«Арыс-1» теміржол вокзалына да барды. Мердігер мекеме қайта жөндеу және қалпынакелтіру ісінде кемшіліктің болмайтынын айтып, сонымен қатар күндіз-түнітірліктің жасалып жатқанын жеткізді.
19:49, 31 Шілде 2019
Арыстағы бірқатар әлеуметтік нысан «Самұрық-Қазына» есебінен қалпына келтірілуде
АРЫС. Қазақпарат – Арыс қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың қайта жөндеу жұмыстары ұлттық қордан қаржыландырылуда. Осындай ауқымды істің қалай жүріп жатқанын көру үшін қалаға «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов арнайы келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.