Арыстағы гуманитарлық көмек қоймаларын онлайн бақылауға болады

АРЫС. ҚазАқпарат - Апаттан зардап шеккен арыстықтарға бүкіл қазақстандықтар қол ұшын созып, гуманитарлық көмек көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі таңда қоймаға 510 тонна тұрмыстық заттар, азық-түлік, киім-кешек, өзге де заттар жиналса, соның 400-ден астамы гуманитарлық көмек ретінде халыққа таратылды.

Бұдан бөлек, «Түркістан» әлеуметтік даму корпоротивтік қорына Арыс халқына арнап 1 млрд 200 мың теңгеден астам қаржы жиналды.

Сондай-ақ, Арыс қаласындағы гуманитарлық көмек қоймаларына онлайн веб-камералар орнатылды. Қоймадан тікелей көрсетілімді мына сілтемеден көре аласыздар.