Арыстағы құрылыс мәселесі «Nur Otan» партиясының бақылауында болады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі Арыс қаласындағы құрылыс жұмыстарының барысы туралы жауапты азаматтармен мәжіліс өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның Түркістан облыстық филиалына сілтеме жасап.

Мәжіліске Арыс қалалық мәслихатыныңхатшысы, мәслихат депутаттары, құрылысқа жауапты мекеме басшылары, партия белсенділеріқатысты.

Жиынды ашқан «Nur Otan» партиясыТүркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Арысқаласын қалпына келтіру жұмыстарының барысы облыс әкімі мен «Nur Otan»партиясының үнемі назарында екенін атап өтті.


«Nur Otan» партиясы Түркістаноблыстық филиалы Арыс қаласында болған төтенше жағдайға байланысты тұрғындардантүскен арыз-шағымдардың оң шешілуіне ықпал ететін болады. Бүгінде облыстықфилиалға қала тұрғындарынан 175 шағым түсіп, оның 126-ы оң шешімін тапты.Қазіргі таңда 49 мәселе қаралуда. Арыс қаласында құрылысы толық біткенбаспаналар 90,7 пайызға жетті.


Жарылыстан зардап шеккен шаһардықалпына келтіру кесте бойынша жүргізілуде. Бірақ бүгінгі таңда үй иелерініңкелісім бермеуіне байланысты 53 баспанада құрылыс басталмаған. Ендігі кезектебіз тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, өтініштеріне құлақ асатын боламыз», деді«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасарыБ. Тәжібаев.


Айта кетейік, өткен айда «NurOtan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Арыс қаласынаарнайы келіп, қаладағы қалпына келтіру жұмыстарымен танысқан еді. Сондай-ақтұрғындармен кездесіп, арыстықтарғамемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетілетінін атап өткен болатын. Осыорайда, «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының біріншіорынбасары Б.Тәжібаев мәжілістен соң бірден қаладағы 9, 12 сектор жұмысынбақылап, тұрғын үйлерді аралады.


Жалпы, Арыс қаласында тұрғын үй саны – 8634. Төтеншежағдайдан кейін жөндеу жұмыстарын қажет ететіні 7197 құрайды. Ал 433 баспанатолық қалпына келтірілмек. Соның ішінде жаңадан 420 жеке тұрғын үй мен 3көпқабатты үйді қайта соғу жұмыстары жүргізілуде. Әрбір сектордағы жұмыстардыжүргізу үшін облыс, қалалардан 7579, аудандардан 315 жұмысшы тартылған.

Соңғы жаңалықтар