Арыстағы зардап шеккендердің қатары көп болуы мүмкін еді – сарапшы пікірі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тәжікстанның әскери шолушысы Абдулмаджид Давлатов Арыста орын алған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат polit-asia.kz порталына сілтеме жасап.

«Арыстағы жағдайдыбақылай отырып, халық арасындағы зардап шеккендердің саны анағұрлым көп болуымүмкін деген қорытындыға келдім. Сөзімді былай түсіндірейін. Біріншіден,жарылыс өте жойқын болды. Ол тіпті, жанынан ұшып өткен ұшақтардың терезелеріненкөрінді. Екіншіден, қазақстандық баспасөз беттерін ақтара отырып, арсеналмаңындағы таяу жерде жеке меншік үйлер ғана емес, сонымен бірге, негізіненхалық мекен еткен көп қабатты үйлер орналасқанын білдім», - дейді сарапшы.

Тәжік сарапшысыхалық арасында көп адамның зардап шегуіне жол бермеуге мүмкіндік бергенжағдайға түсініктеме берді.

«Зардапшеккендердің көп болмауына қазақстандық әскерилердің септігі тиді. Халықтыкөшірудегі жинақы іс-қимыл, төтенше жағдайды жоюдағы жоғары деңгейдеұйымдастырылған процесс, Қорғаныс министрлігінің бірінші басшылығы тарапынанұдайы бақылау мен жіті қадағалау болғаны анық. Арыстағы орын алған оқиғасалдарынан зардап шеккендердің аз болуы қазақстандық әскерилердің тиімдііс-әрекетінің жемісі.

Жарылыстан кейінбірден әскерилерді кінәлі қылуға тырысқандарына таңғалдым. Иә, сөзсіз, жарылысүшін жауапкершілік арсеналға тікелей қатысы бар барлық лауазымды адамдардыңмойнына жүктеледі. Алайда, оқ-дәрілермен жұмыс жасау – бұл әрқашан қауіп-қатер,ал оларды сақтау процесін ұйымдастыру тәртібі өте күрделі екенін ұмытпаған жөн.Оның үстіне, мұндай арсеналдарда сақтау және кәдеге жарату кезінде мәселелертуғызатын есептен шығарылған оқ-дәрілер де сақталады. Сондықтан кінәлілертуралы сөз қозғауға әлі ерте. Қазіргі кезде жаппай жұмыс жасап жатқан арнайыкомиссия барлығын анықтайтын болады.

Арыстағы төтеншежағдайға оралатын болсақ, қоймалардағы оқ-дәрілердің сақталу процесі жоғарыдеңгейде ұйымдастырылғанын жүз пайыз сеніммен айта аламын. Әйтпесе, жарылыссалдары одан бетер болар еді. Оның үстіне, жарылыс пен өрт шығу сияқты оқиғаларәлдеқайда жиі орын алушы еді. Мәселен, Украинаны алайық. Онда әрқашан барлығынесептен шығарса да мұндай оқиғалар жыл сайын болып тұрады.

2015 жылдан бастапәскери қоймаларда бес оқиға орын алды. Онда халық арасындағы зардапшеккендердің саны әлдеқайда асып түседі. Ең мықты қарулы күштері мен әскерибюджеттері бар елдердің, яғни, АҚШ, Қытай және Ресейдің әскери қоймаларында дажарылыстар мен өрт оқиғалары болып тұрады. Сақтанған күннің өзінде мұндай күтпегенжағдайлар болады», — дейді тәжік әскери сарапшысы.

АбдулмаджидДавлатов Арыстағы төтенше жағдайды БАҚ-та жария еткен кезде ақпараттық саланыңқалған қызметкерлері де негізінен сезімге беріліп, дәйектілік туралы мүлдемұмытып кеткенін атап өтті.

«Сондай-ақ кейбірқазақстандық журналистер, блогерлер мен өзге де ақпараттық сала қызметкерлеріАрыстағы жағдайды жария ете отырып, дәйектілікті мүлдем естен шығарды дегенқорытынды жасадым. Еліміздің түкпір-түкпірінен оқиғаның түрлі нұсқалары айтылыпжатты, бірақ менің ойымша, бірде-біреуі шындыққа жанаспайды. Қазақстанармиясының қолбасшылығын ғана емес, үкіметті де, барлығын сынға алды. Арысты әлемдікауқымдағы қайғылы оқиғамен салыстырды.

Арыстағы төтеншежағдайдың салдарынан үш адамның қаза тапқанын атап өткім келеді. Оның ішінде,бір ғана азаматтық адам. Халық арасындағы зардап шеккендердің ресмистатистикасына, мысалы, ЖКО мен демалыстағы қайғылы оқиғаларға ешкім назараудармайды. Сол баяғы қазақстандық блогерлер 2019 жылдың алты айы ішінде 850адам қаза болды деген ақпаратты желілерге таратады. Бұл ЖКО, суда шомылу жәнеабайсыздықтан орын алатын зардап шегушілердің саны үнемі өсіп келе жатқанынкөрсетеді. Осындай кезде дау шығарып, шаралар қабылдау қажет», — деді сарапшы.

Сарапшы сондай-аққоймаларда өрт шығу себептеріне қатысты ойымен бөлісті.

«Оқиғаныңсебептерін арнайы комиссия анықтайды. Бұл адами фактор, өртке қарсы қауіпсіздікережелерінің бұзылуы немесе техникалық олқылықтар болуы мүмкін. Сондықтанешкімге, оның үстіне, әуесқойларға осы жағдайға қатысты қорытынды шығаруғаасықпасын деп қайталап айтқым келеді. Нүктесін қоятын арнайы комиссия жұмысыныңресми нәтижелерін күткен абзал», - деп Абдулмаджид Давлатов қорытынды жасады.

Соңғы жаңалықтар