Жәрмеңкеде150 тоннадан астам өнім жұртшылыққа ұсынылды. Өнімдердің жалпы құны 65миллионға жуық теңгені құрайды. Барлық аудан, қалалардың даму басымдықтарынасай жинақталып, ұсынылған өнімдерге арыстықтар ризашылығын білдірді.
Мәселен, етжәне ет өнімдерінің жалпы көлемі 47,6 тоннаны құраса, 41 тонна көкөніс тесатылымға шықты. 8,4 тонна сүт өнімі, 28 тонна бақша өнімі де лезде сатылыпкетті. Сонымен бірге 7,5 тонна жеміс-жидек, 3 тонна балық, 14 тонна өзге детауарлар Арыстағы жәрмеңкеге жеткізілді.
Арыс қаласынқалпына келтіру және тұрғындардың әл-ауқатын көтеру мақсатында өткен кезектіжәрмеңкеде Созақ ауданының мәдениет саласының қызметкерлері өнер көрсетіп,жұртшылыққа көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.