«Арыстан» лицейі болашағын әскери қызметпен байланыстыратындар мектебі - Қорғаныс министрі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Серік Ахметов Алматы гарнизонына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Министр қорғаныс-өнеркәсіптік кешеннің кәсіпорындарын, арнаулы мақсаттағы әскери бөлімдерді аралады.

С. Ахметов сондай-ақ, «Арыстан» мамандандырылған лицейінде болып, білім беру мекемесінің екінші түлектері болғалы отырған тәрбиеленушілерді салтанатты шығарып салу іс-шарасына қатысты.

«Арыстан» лицейі шын мәнінде өз болашағын әскери қызметпен байланыстыратындар, Қарулы Күштердің кадрлық офицері болуды, туған елінің қауіпсіздігін нығайтуға үлес қосуды армандайтындарға арналған мектеп болып табылады», - деп атап өтті Қорғаныс министрі тәрбиеленушілерге арнаған сөзінде.