Арыстан серігін қолтырауыннан құтқарып қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Видеожазбаны Ботсван және Намиби шекараларындағы Линьянти өзені ауданына сафариге шыққан туристер түсірген. Су ішіп тұрған екі арыстанды аңғарған туристер камераларын іске қосқан.

 Артынша кішірек арыстан суға түсіп өзенді кесіп өтпек болады, үлкен серігі де соңынан ілеседі. Алайда екеуі өзеннің екінші жағына өте алмады: бір шеттен шыға келген  қолтырауын кішкентай арыстанға тарпа бас салады. Үлкені дереу көмекке келіп,  тойтарыс береді. Кішкентай арыстан Ботсван жағасына жалғыз өзі оралды, ал оның қорғаушысы қолтырауынмен  су астына  батып кетті. Туристер алғашында арыстанды қолтырауынмен шайқаста  өлді деп ойлады.

Алайда біраздан соң  олар арыстанның өзен жағасындағы қамыстардың арасынан шығып келе жатқанын аңғарды. Туристердің алыстан бақылағанындай екі аң да еш жараланбаған.