Министрдің айтуынша, Халықаралық Олимпиада комитеті Қазақстанның Ұлттық олимпиада комитетіне допинг-тесттің нәтижесі жазылған ресми қағаз жіберуі тиіс. Ал орта жолдан ақпарат таратқандардың сөзіне қатысты тергеу басталған. Сондықтан оның қорытындысын күту керек.
«Мәселенің ақ-қарасы ажыратылмай, даттауға да, жақтауға да болмайды. Допинг бақылауға байланысты сіздерде мынандай, мынандай азаматтарда қауіп бар деген ақпарат келеді. Сол кезде ғана біз іске кірісеміз», - деді министр.