«Достарым, Жаңа жылғы жүгіру осылай өтті! Жаңа жыл құтты болсын! Баршаңызға бақыт тілеймін!», - деп жазды Арыстанбек Мұхамедиұлы Фейсбуктегі парақшасында.
Еске сала кетсек, бұған дейін Арыстанбек Мұхамедиұлы 2019 жылды марафонмен қарсы алуға шақырған еді. Нақтырақ айтқанда, министр бастаған топ Бәйтерек маңынан «Хан Шатыр» ОСО-ға дейін жүгіріп өтеді. Қатысушылар бірнеше шақырымды «Сулы-жасылды» желекжолы арқылы еңсереді.