Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы барша қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қадірлі достарым, баршаңызды қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - Исламның бейбітшілік, татулық пен мейірімділік діні екенін айқындайтын, бүкіл әлем атап өтетін жарқын мейрам. Осы күні жүректен шыққан тілектер жүрекке жететіні сөзсіз. Еліміздің мерейі үстем болып, халқымыздың бірлігі нығайсын! Әр шаңыраққа ырыс, береке, бақыт тілеймін» деді министр құттықтауында.

Сөз соңында министр құрбан шалған барша жанның ниеттері қабыл болуын тіледі.