Арыстанбек Мұхамедиұлы Шымбұлақ пен Ақбұлақ арасында аспалы жол жүргізуді ұсынды
8 шақырымға созылған соқпақ Медеуден Алматы облысындағы Алматау лагеріне дейін созылып жатыр.
«Экотуризм әлемде жақсы дамыған спорт түріне жатады. Бұл спорт түрі экономикаға мультипликативті әсер береді. Бұл бір жағынан, экологияны таза сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан экономикаға қаржы тартады. Мен өзім спортпен айналысамын. Бүгінгі серуен өте қызықты болды. Облыстық деңгейдегі бірнеше шенеунік, белгілі спортшылар, әртістер келді», - деді министр.
«Тек бар инфрақұрылымды біріктіру керек. Мәселен Шымбұлақ пен Талғар ауданындағы Ақбұлақты аспалы жолмен біріктіруге болады. Қыста бұл маршруттарда шаңғы тебетін адамдар демалса, жазда жаяу жүретін туристерге ыңғайлы жағдай туғызылады», - деді А.Мұхамедиұлы.