«2017 жылы допингті пайдалану мәселесіне қатысты заң жобасын енгізуді қарастырудамыз. Не үшін? Қазіргі кезде кінәлі ретінде тек спортшылар қалып отыр. Ал сол кезде спортқа басшылық еткен адамдар қайда? Неліктен спортшыларға қараған дәрігерге жауапкершілік жүктелмеген? Енді сол кезде елдің абыройын қорғауға барған азаматтарды проблемаларымен жалғыз қалдырғанымыз дұрыс емес. Спортшылар медаль алған кезде тиісті марапаттарды басшылық еткендер де алды ғой»,-деп тоқталды Мұхамедиұлы.
Осы орайда министр допинг үшін жауапкершілікті заңнамамен бекітілетіндігін атап өтті. Онда спортшыдан бөлек дәрігерге, бапкерге, құзыретті мемлекеттік органға жүктелетін жауапкершілік тыңғылықты жазылмақ. «Қазіргі кезде біздің спортшыларға, яғни Илья Илин мен қиын жағдайға тап болған басқа да ауыр атлеттерімізге алаңдап отырмын»,-деді министр.
Еске сала кетейік, осыған дейін ХОК-тің Қазақстан атынан жарысқа шығып жүрген бірқатар ауыр атлеттердің медалін қайтару туралы шешім шығарғандығы жарияланған болатын.