Чобе өзені Ботсвана мен Намибияның шекарасынан өтеді. Суға кетпес бұрын 400 буйвол Намибияның аумағында болған.
Ведомствоның мәлімдеуінше, жануарлардың суға бату себептері әлі белгілі емес. Жорамалдарға қарағанда, жабайы өгіздер арыстандардың шабуылынан қашып жүріп суға кеткен болуы мүмкін. Жануарлардың біразының денесі өзеннен шығарып алынған.